Басты бет > Үздік тәжірибе тарату

Үздік тәжірибе тарату

  • автор:

Ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқытудың үздік тәжірибесін тарату» вебинарлар сериясын өткізуді жалғастыруда. Вэбинарлар колледж оқытушыларына онлайн режимде сабақ өткізу үшін түрлі құралдарды пайдалануға көмектесуге бағытталған. 2 қарашада өткен кезекті вебинарда Аягөз қаласы политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары З.А.Оспанова және Д.Е.Ардашеваның модульдік құзіреттілікке негізделген оқытуда қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, кіріктірілген оқытуды ұйымдастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.