Құжаттарды электронды нұсқада egov.kz порталы арқылы немесе қағаз түрінде колледжге тапсыруға болады

Колледждерге түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусымнан бастап 25 тамызға дейін жалғасады

📒Құжаттарды egov.kz арқылы электронды түрде немесе қағаз түрінде колледжге тапсыруға болады.

📒Биыл колледжге қабылдау аттестаттың жиынтық конкурстық балы бойынша жүргізіледі:

📍9-сынып түлектері үшін міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі) және 2 бейінді пән;

📍 11-сынып түлектері үшін екі міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және 2 бейінді пән.

📒Педагогикалық, медициналық мамандықтар мен өнер саласы мамандықтары үшін:

📍ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, арнайы және шығармашылық емтихандар белгіленеді немесе талапкерлердің жетістіктері туралы портфолиоларын бағалау қарастырылады;

📍балдары тең болған жағдайда аттестаттың орташа балы және талапкердің әлеуметтік санаты ескеріледі.

                      @edu_news_qz

Біз Instagram-да

Политех Аягоз

Politex_Ayagoz

Политех Аягоз