Тарих - біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы. Мигель де Сервантес

Колледж 2006 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Өскемен қаласының политехникалық колледжінің филиалы ретінде ашылса, кейінірек 2009 жылы наурыз айының 16-шы жұлдызында сериясы АБ №0067153 мемлекеттік лицензиясымен КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» болып өз алдына жеке дербес болып қайта құрылды.

Колледж ғимараты 1972 жылы салынған, ауданы – 1535 шаршы метрді құрайды. Оқу ғимараты 280 орынға арналған. Бүгінгі таңда колледжде 424 студент кәсіптік білім алуда. Сонымен қатар дәнекерлеушілерге, ұсталарға және ағаш жиһаз шеберлеріне арналған шеберханалар бар. Колледждегі оқу кабинеттерінің саны стандарт бойынша талап етілген кабинеттердің санынан 58 пайызды құрайды.

Колледже білім беру негізгі орта білім және жалпы орта білім  базасында, ал сырттай бөлімде жалпы орта білім базасында  мемлекеттік сұраныс және келісімшарт негізінде мемлекеттік тілде жүргізіледі. 

Колледждің материалдық техникалық базасы

Оқу корпусы – 1;

Студенттерге жабдықталған, жылы және ыңғайлы оқу корпусы қарастырылған  

Оқу кабинеттері – 24

Жалпы білім беру пән кабинеттері, кәсіптік және экономикалық пән кабинеттері талапқа сай жабдықталған.

Оқу-өндірістік шеберханалары -2

Ағаш және жиһаз шеберлері мен, дәнекерлеушілерге арналған шеберханалар қазіргі заман талабына сай жабдықталған

Зертханалық кешендер – 10

Зертханалық кешендер теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекітуде таптырмайтын құрал болып табылады.

Мәжіліс залы - 1

100 орындық мәжіліс залы әр түрлі конференциялар, кездесулер, жиындар өткізуге өте ыңғайлы. 

Кітапхана - 1

Кітап қоры  44165 дананы құрайды. Мамандық бойынша толыққанды білім алу үшін кітаптар жеткілікті.

Колледж 2 мәрте мемлекеттік аттестациядан сүрінбей өтіп, өз деңгейін ақтап қалды:

2010 жыл

- Бұйрық № 279, 26.05.2010 ж

2015 жыл

- Бұйрық № 314, 01.06.2015 ж