Комплаенс қызмет туралы арнайы ереже
Специальное положение о комплаенс службе
№3 ЖОБА. КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС
1-тапсырма: Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
1-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу.
Комплаенс-қызметтер тоқсан сайын ұйымның (компанияның) қызметкерлері үшін түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізеді. Аталған іс-шараға компания басшылығы, жетекшілік ететін мемлекеттік органның Әдеп жөніндегі уәкілі және қоғам өкілдері шақырылуы мүмкін.
Орындалуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шаралары тоқсан сайын өткізілетін ұйымдар туралы ақпаратпен, оларды өткізу туралы хаттаманы және тиісті ақпарат жарияланған интернет-ресурсқа сілтемені ұсынумен (жарияланған кезде) расталады.
2-қосалқы тапсырма. Ұйымның (компанияның) ресми сайтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша арнайы бөлім құру.
Бұл қосалқы тапсырма квазимемлекеттік сектор субъектісінің ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенске арналған арнайы бөлім құру жолымен іске асырылады. Ұйымда жеке сайт болмаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс желісі бойынша құжаттар және комплаенс-қызмет жүргізетін жұмыс туралы өзге де ақпарат осы ұйымның қызметіне жетекшілік ететін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсының арнайы бөлімінде орналастырылады.
Орындалуы өзінің ресми сайтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша арнайы бөлім құрған ұйымдар туралы ақпаратпен расталады (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалпы санынан %).
2-тапсырма: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттама
1-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы Ереженің болуын растау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мәртебесін, өкілеттігін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Орындалу фактісі тиісті құжаттың ЖБАЖ-ға жүктелуімен расталады (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалпы санынан %).
2-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бар екендігін растау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлық сипатындағы ықтимал әрекеттердің алдын алуға, жұмыс ұжымында сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ахуалын қалыптастыруға бағытталған.
Саясат:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсаттар мен міндеттерді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін;
- осы саясатты сақтау үшін жауапкершілікті белгілейді.
Саясаттың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын және өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде адалдық пен сатылмаушылық қағидаттарын қамтамасыз ететін қызметкерлердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Орындалу фактісі тиісті құжаттың ЖБАЖ-ға жүктелуімен расталады (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалпы санынан %).
3-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтың болуын растау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық сыбайлас жемқорлық бағытындағы іс-қимылдарға не жататынын айқындайды және сыбайлас жемқорлық туындаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібін белгілейді.
Орындалу фактісі тиісті құжаттың ЖБАЖ-ға жүктелуімен расталады (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалпы санынан %).
4-қосалқы тапсырма. Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясатының болуын растау.
Мүдделер қақтығысы, басқа да жағымсыз салдарлармен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектісінің іскерлік беделіне және мүдделі тараптардың оған деген сеніміне нұқсан келтіреді. Лауазымды тұлғаның жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық, функционалдық міндеттерін орындауына әсер етпеуі тиіс.
Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты – квазимемлекеттік сектор субъектісі ұйымның қолданыстағы және немесе ықтимал мүдделер қақтығысын анықтау, анықтау және басқару процесін тиісті реттеу мен бақылау тәртібін белгілейтін ішкі құжаты.
Орындалу фактісі тиісті құжаттың ЖБАЖ-ға жүктелуімен расталады (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалпы санынан %).
5-қосалқы тапсырма. Корпоративтік әдеп және мінез-құлық кодексінің болуын растау.
Әдеп және мінез-құлықтың корпоративтік кодексі квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің неғұрлым маңызды ішкі корпоративтік құндылықтары мен қағидаттарын көрсетеді, сондай-ақ оларға негізделген ұйымға қабылданған қағидаларды айқындайды.
Орындалу фактісі тиісті құжаттың ЖБАЖ-ға жүктелуімен расталады (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалпы санынан %).
6-қосалқы тапсырма. Ұйымның ресми сайтында 1-5 қосалқы тапсырмаларға сәйкес әзірленген құжаттарды жариялау.
Орындау фактісі 1-5 (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалпы санының %) қосалқы тапсырмаларда тізімделген, құжаттар жарияланған интернет-ресурсқа сілтеме берумен расталады.
100% көрсеткішке жеткенде — 2 балл, 90 % — 1,8 балл, 80 % — 1,6 балл, 70 % — 1,4 балл, 60 % — 1,2 балл, 50 % — 1 балл (әрбір 10 % — 0,2 балл).
3-тапсырма: Стандартқа сәйкестігін растау
ISO 37001 немесе ҚР СТ 3049-2017
1-қосалқы тапсырма. «ISO 37001 немесе ҚР СТ 3049-2017 стандарты бойынша ұйымды енгізу және сертификаттау».
ISO 37001 стандартына немесе ҚР СТ 3049-2017 сәйкестік сертификатын алған ұйымдардың саны туралы мәліметтерді, олардың тізбесін және сертификаттардың электрондық нұсқаларын қамтитын анықтамалық ақпарат ЖБАЖ-ға жүктеледі;
4-міндет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің (комплаенс-офицерлердің) өңірлік тізілімін өзектендіру
1-қосалқы тапсырма. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер (комплаенс-офицерлер) тізілімінің мониторингі».
Ұйымда қолданыстағы комплаенс-қызмет туралы деректер есептілік формасында көрсетіледі (Нұсқаулыққа №3 қосымша).