2016 жылы қараша айының 4 жұлдызында Аягөз қаласының политехникалық колледжі өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойды атап өту барысында «Техникалық және кәсіптік білімнің Қазақстан дамуына қосқан үлесі: сапа, жетістік және перспектива-қазақстандық жол-25 жыл» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.  Конференцияға  ҚР барлық аймақтарының кәсіптік және техникалы білім беру қызметкерлері  қатысуға шақырылды: колледж әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, бөлім меңгерушілері, жалпы білім беру, жалпы кәсіптік білім беру және арнайы пәндерінің оқытушылары, магистрлер. Конференцияға қатысушыларға  толығымен сертификаттар тапсырылып, баяндамалары кітап жинағына енді. Сонымен қатар, конференция қатысушылары әр-түрлі деңгейдегі орындарға иеленіп, марапатталды.

Конференция нәтижесіне тоқталсақ

І орын иегерлері

Балғабайқызы Әсем- «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК, Тұмабаева Д.С- «Аягөз қаласының политехникалық колледжі»КМҚК;

ІІ орын иегерлері

Хуанган Амангуль- КГКП «Восточно-Казахстанский технологический колледж», Карменова А.Б «Аягөз қаласының политехникалық колледжі»КМҚК; Шахов А.Д-Гуманитарно-технический колледж г.Шемонайха;

ІІІ орын иегерлері

Кумарбекова А.Қ «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК, Ардашева Д.Е «Аягөз қаласының политехникалық колледжі»КМҚК; Абенова А.А КГКП«Усть-Каменогорский медицинский колледж»; Саньязова А.Б-КГКП «Электротехнический колледж»; Жумадилов Г.К- КГУ «Урджарский колледж»; Уркимбаев А.Т- «Абай колледжі» ҚММ.

Семей қаласының «Құрылыс колледжінің» әдіскері, облыстық құрылыс пәндері бойынша бірлестігінің жетекшісі М.М.Аукишеваның қатысуыменен «Инновационные технологии в образовании» атты баяндама оқылды. Колледж оқытушылары Ахметжанов М.М «Бөлшектердің ұсталық біріктірілуі» атты ашық сабақ, Д.С.Тұмабаеваның «Менеджментте шешім қабылдау», А.Е.Майтайбаеваның «Тартымды жылжымалы құрам құрылысы»атты ашық сабақтары ұйымдастырылып жоғары деңгейде өтті.

Келген қонақтарға колледж ғимаратына экскурсия ұйымдастырылып, шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.