10503000
«Слесарлық іс» мамандығы негізгі орта білім (9 сынып) және
орта білім (11 сынып) негізінде жүргізіледі, бұл мамандық 2017 жылдың қыркүйек айында ашылған
Бұл мамандықтың 2 біліктілігі бойынша кадрлар әзірленуде
050301 2 Электр құрал жабдықтарын жөндеуші слесарь-электрик
050302 2 Электрик автослесарь
Оқу мерзімдеріне тоқтала кетсек:
Негізгі орта білім (9 сынып) негізінде:
050301 2 Электр құрал жабдықтарын жөндеуші слесарь-электрик - 2 жыл 10 ай
050302 2 Электрик автослесарь - 2 жыл 10 ай
Орта білім (11 сынып) негізінде
050301 2 Электр құрал жабдықтарын жөндеуші слесарь-электрик - 1 жыл 10 ай
050302 2 Электрик автослесарь - 1 жыл 10 ай
Мамандық бойынша білім алушылар төмендегідей құзіреттіліктерді иеленеді (таңдаған біліктіліктеріне сәйкес):
050301 2 Электр құрал жабдықтарын жөндеуші слесарь-электрик
гидроскопиялық аспаптарды жөндеуді және олардың монтаж жұмыстарын; бақылаушы және өлшеуші аспаптармен тоқ күшін және кедергсін, айнымалы және тұрақты тоқ желісіндегі кернеуді өлшеуді
электрқозғалтқыштарды іске қосуды
электр жабдықтарды тексеру, оларға қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды
монтаждық сұлбалар бойынша электрмен жарықтандыруды, электр жетек, қосу, реттеу қондырғыларының монтаждық ережелері мен электр техникалық жабдықтарды монтаждау бойынша технологиялық карталарды пайдалану ережелерін
Электрлік және электронды сызбаларды ажырату;
050302 2 Электрик автослесарь
қызмет ететін машиналардың, механизмдер мен электр аппараттарының, әуе желілерінің құрылым белгілерін, жұмыс принципі мен техникалық сипаттамаларын
маталар мен бөлшектерді өңдеу тәсілдері мен әдістерін
электр қондырғыларының құрылысы мен атқаратын қызметтерін
машиналарды, механизмдарді және электр аппараттарын техникалық пайдалану кезінде зауыттық және жергілікті нұсқаулықтармен қойылатын техникалық талаптарды
электр жабдықтарды монтаждау тәрібін
электрлік параметрлерді өлшеу құралдары мен аспаптарының мақсаттары мен пайдалану ережелерін
материалдар мен құрал-саймандарды үнемді жұмсау және пайдалану ережелерін
монтаж және демонтаж жұмыстарын орындауды
әуе желісін, телефон желісін жермен қосуды, релелік және кабельдік желілерге қызмет көрсетуді және жөндеуді
Аягөз политехникалық колледжінде энергетикалық
мамандықтарына білім алушылар келесі оқу кабинеттерімен жабдықталған:
102 кабинеті "Физика,электртехника және электроника"
103 А кабинеті "Электр машиналары, электржетектерін баптау және электрөлшемдері"
103 кабинеті "Электрмен қамтамасыздандыру, электр жабдықтары және электртехникалық материалдар"
105 кабинеті "Электржабдықтарын, электржетектерін жинау және автоматты басқару"
Қазіргі таңда біздің колледжді осы мамандық бойынша бітірген түлектер республикамыздың түпкір-түпкірінде жұмыс істеуде. Кейбіріне тоқтала кетсек:
Одатханов Мейіржан
ТОО Kaz Minerals Aktogay LV Electrician
Аянат
ТОО KAZ Minerals Aktogay
LV Electrician
Энергетикалық мамандықтарын
игерушілер кәсіптік және диплом алды тәжірибелерін келесі өндіріс орындарында
өткізеді