Мемлекеттік тапсырыс - 2023

Мақсатты тапсырыс бойынша құжат тапсырушылармен әңгімелесу

Құжаттарды электронды нұсқада egov.kz немесе vko-abiturient.kz порталдары арқылы тапсыруға болады

Колледждерге түсу үшін құжаттарды қабылдау 25 маусымнан бастап 25 тамызға дейін жалғасады

📒Құжаттарды egov.kz, vko-abiturient.kz порталдары арқылы электронды түрде колледжге тапсыруға болады.

📒Биыл колледжге қабылдау аттестаттың жиынтық конкурстық балы бойынша жүргізіледі:

📍9-сынып түлектері үшін міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі) және 2 бейінді пән;

📍 11-сынып түлектері үшін екі міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және 2 бейінді пән.

📒Педагогикалық, медициналық мамандықтар мен өнер саласы мамандықтары үшін:

Аттестаттың орташа балы және талапкердің әлеуметтік санаты ескеріледі.

                            @edu_news_qz

EGOV.KZ порталы арқылы құжат тапсыру үшін басыңыз

https://vko-abiturient.kz/ порталы арқылы құжат тапсыру үшін басыңыз

Оқуға қабылдау тәртібі

Қажетті құжаттар тізімі

Тестілеу ережелері

Конкурс аттестатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндер бағасының орта конкурстық балы бойынша талапкерлерді автоматты бөлу жолы арқылы Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Бағаның орта балы қалыптасады: негізгі орта білімі бар түсушілерге (9 сынып) – үш пәннің бағалары бойынша: міндетті пәнге (қазақ тілі немесе орыс тілі), қалған екі пәнге мамандықтың бейіні бойынша. жалпы орта білімі бар түсушілерге (11 сынып) – Техникалық және кәсіптік білім беру - төрт пәннің бағалары бойынша: міндетті пәндерге (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы), қалған екі пәнге мамандықтың бейіні бойынша.