Колледждің ақпараттық - коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етілуі

Қазіргі таңда колледжде 14 интерактивті тақта, 116 компьютер мен ноутбук, 1 сервер бар. 2024-2025 оқу жылынан бастап колледж интернетке қатынау жылдамдығы 100 Мб/с болып табылатын мәлімет алмасу мүмкіндігіне ие болды.

АКТ кабинеттері

06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығының ақпараттық коммуникациялық технологиялармен жабдықталуы

Микропроцессорлық техника зертханасы 19 ноутбук, интерактивті тақтамен жабдықталған. Ақпараттық қамсыздандыруды құру және жүргізу зертханасында 18 компьютер, 1 интерактивті тақта бар. Аталған үш зертхана компьютерлерінде сабақ жүргізуге қажетті барлық бағдарламалық қамсыздандыру бар. Техникалық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу және микропроцессорлық техника зертханаларындағы компьютерлер интернет желісіне еркін кіреді. Қоғамдық пәндер кабинетінде интерактивті тақта, интернет желісіне кіру мүмкіндігі бар компьютер орналастырылған. Сонымен қатар сабақ барысына қажетті плакаттар, стендтер, басқа да әдістемелік материалдар бар. Жоғары математика кабинетінде жұмыс істеуге ыңғайлы тақтамен,  стендтермен, көрнекі материалдармен жабдықталған. Жалпы білім беру кабинеттерінен шетел тілі, қазақ және орыс тілдері кабинеттерінде интерактивті тақталар қойылған.

06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 1304000» Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша білім алған мамандар қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Кез келген мекеме, өндіріс орны немесе кәсіпорынды ІТ саласының маманынсыз елестету қиын. Техник-бағдарламашы, бағдарламалық қамсыздандыруды құрастырушы – дербес, өнеркәсіптік және басқа типтегі компьютерлерге бағдарламалық қамтамасыз етуді жасайтын маман. Ол – бағдарламалық жасақтаманы әзірлеумен айналысатын ірі жоба менеджері немесе белгілі бір бағдарламаның кодын жалғыз жазатын маман болуы мүмкін.

Бағдарламашы қайда жұмыс істей алады?

Ол оның таңдауына байланысты:

📒 Бағдарламалық қамсыздандыруды жасап, сататын компания

📒 Қашықтықтан үйде жұмыс істеу

📒 Ақпарат алмасуды автоматтырғысы келетін кез-келген компания 

📒 Сайт жасаумен айналысатын компания

📒 Компьютер  жөндеумен, жинаумен, техникалық қызмет көрсетумен айналысатын компания