FAQ-жиі қойылатын сұрақтар жинағы
1. Колледждің тарихы қандай?
Колледж 2006 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Өскемен қаласының политехникалық колледжінің филиалы ретінде ашылса, кейінірек 2009 жылы наурыз айының 16-шы жұлдызында сериясы АБ №0067153 мемлекеттік лицензиясымен КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» болып өз алдына жеке дербес болып қайта құрылды.
- барлық аймағы 1854 кв.м
- оқу аймағы 1150,8 кв.м
2. Колледжге қашан құжат тапсыра аламын?
3. Қабылдау комиссиясының мекен-жайы қандай?
070200, ШҚО, Аягөз қаласы, Гагарин көшесі, 20/1
4. Колледжде қандай мамандықтар бар?
06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)
07160300 Темір жол жылжымалы құрамының өндірісі (түрлері бойынша)
04110100 “Есеп және аудит “
1401000 “Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану”
07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
07150500 Дәнкерлеу ісі (түрлері бойынша)
0503000 “Слесарлық іс”
07221400 Жиһаз өндірісі
07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)
5. Колледжге түсу үшін қандай құжаттарды тапсыруым керек?
Қабылдау үшін құжаттар тізімі:
1)Білім туралы құжаттар(өтінішпен бірге аттестат);
2)Медициналық анықтама(075У нысаны);
3)Баланың денсаулық папорты, егу картасы;
4) 4 фотосурет (3х4);
5) Куәлік немесе туу туралы куәлік (көшірмесі);
6. Басқа қалада тұрсам, колледжге түсе аламын ба?
7. Колледжда демалыс қашан?
– Қыстық демалыс- қаңтар айында; Жазғы демалыс-шілде айының басыынаң оқу процесінің кестесіне сәйкес.