08

0518000 «Есеп және аудит (салалары бойынша)» мамандығы негізгі орта білім (9 сынып) және жалпы орта білім (11 сынып) негізінде жүргізіледі

Бұл мамандықтың 2 біліктілігі бойынша кәсіптік және техникалық білім беріледі

Оқу мерзімдеріне тоқтала кетсек:

Негізгі орта білім (9 сынып) негізінде:

Орта білім (11 сынып) негізінде

Мамандық бойынша білім алушылар төмендегідей құзіреттіліктерді иеленеді (таңдаған біліктіліктеріне сәйкес):

051803 3 «Экономист-бухгалтер»​

  • Заманауи ақпараттық ағымға бағдар алуға қабілетті болу және әлемдік экономикалық үрдістерге және динамикалық өзгерістер пайда болуға бейімді болу
  • Өз қызметіне байланысты әр түрлі жағдайларда икемді және мобильді болу. Қауіпті және белгісіздік жағдайда экономикалық және ұйымдастырушы сипатта шешім қабылдауға қабілетті болу
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін есептеу үшін қажетті шикізат деректерді жинау және талдау қабілеттілігінің болуы
  • Экономикалық, жоспарларын дайындау үшін қажетті есептеулерді орындау, оларды ақтауға, және қабылданған стандарттарға сәйкес нәтижелерін ұсынуға мүмкінділігінің болуы
  • Базалық экономикалық ақпаратты түсіну, талдау және пайдалана білу қабілеттілігінің болуы
  • Бухгалтерлік есеп және бақылау, статистика, аудит саласында жұмыс істеу қабілеттілігінің болуы
  • Қаржылық есеп пен есептілік рөлі мен қағидаларын сипаттау
  • Бухгалтерлік есеп операцияларын дұрыс ұйымдастыру
  • Мүлік қозғалыстарын, міндеттемелер мен капиталды есеп құжаттарында заманауи бекіту
  • Қаржы есептілігін ХҚЕС сәйкес дайындау үшін ұйымдастыру
  • Әлеуметтік-экономикалық динамика құбылыстарын, әлеуметтік саяси талдау
  • Бухгалтерлік есеп әдістерін түсіну
  • Ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту үшін ұсынымдар жасау
  • Басқарушы және өндірістік қызметтің деңгейін көтеруге әсер ету
  • ХАС сәйкес шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінде талдау мен аудитті жүргізу

051801 2 «Бухгалтер»​

  • Бастапқы құжаттарды рәсімдеу
  • Есептерді, статистикалық есептерді жасау, салық төлемдерін есептеу арқылы бухгалтердің біліктілігі бойынша жұмысты орындау
  • Есепті автоматтандырудың заманауи бағдарламаларымен жұмыс істеу
  • Келіп түсетін негізгі құрал-жабдықтар, тауарлық-материалдық құндылықтар, ақшалай қаражат, шетел валютасы есебінің және ұйымдармен, бюджетпен және жеке тұлғалармен есеп айырысудың сенімділігін, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақытылы көрсетуді бақылау
  • Жұмыста заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және есептілікті (қаржы, салық) дайындау бойынша әдістемелік материалдарды қолдану
  • Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін экономика-лық талдау әдістерін, есептеу техникасы мен ақпараттық жүйелерді пайдалану ережелерін, еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды қолдану

Сондай ақ осы мамандықты тәмамдаған мамандар білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастыра алады. Мамандығы бойынша жұмысын жалғастырам деушілерге екі жолдың бірін таңдауға болады:

Өзіне қызмет ету

Кәсіпорындар мен мекемелерде бітірген мамандықтары бойынша қызмет жасау

«Экономикалық теория тікелей шаруашылық саясатында қолданылатын дайын ұсыныс емес. Бұл ілім, интелллектуалды құрал, ойлау техникасынан гөрі әдіс болып келеді де оны меңгеріп алуға, дұрыс қорытынды жасауға көмек береді»

Джон Мейнард Кейнс

Қазіргі таңда біздің колледжді осы мамандық бойынша бітірген түлектер республикамыздың түпкір-түпкірінде жұмыс істеуде. Кейбіріне тоқтала кетсек: